Тәуекелі жоғары аймақтарда орналасқан өңірлерде оқыту осыған дейінгідей жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Тәуекелі жоғары аймақта орналасқан өңірлерде оқыту осыған дейінгідей жалғасады. Мектепалды даярлық, 1-5 сынып (халықаралық мектептерде 1-7 сынып) оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта бала санын 25-тен асырмау қажет. Бітіруші 9, 11 (12) сыныптар аптаның 6 күнінде аралас форматта оқиды. Сыныпта бала санын 15-тен асырмау қажет», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.