26 ақп, 2021 сағат 19:37

Қызметкердің қаңтардағы орташа айлық атаулы жалақысы жарияланды

2021 жылғы қаңтарда 2020 жылғы қаңтарға қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 94,2 пайызды құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 60 пайыздан асамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделед, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттіктің Ұлттық стататистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, 2021 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 571,4 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 17,5% кем. 

2021 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2435,4 млрд теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 4,1% аз. Төмендеу кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (10,2%) тіркелген. Бұл кезде өңдеу өнеркәсібінде өсім (3%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өңдеу өнеркәсібінде (4,9%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (2,1%) байқалады. 

2021 жылғы қаңтарда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 170,6 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 2,5% артық. 

2021 жылғы қаңтарда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 78,2 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 7% артық. 

2021 жылғы қаңтарда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 82,6% болды. 

2021 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 45,6 млрд т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,7% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 5,9 млрд ж-км құрап, 75,3% кеміді. 

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемі индексі 109,4% құрады. 

2021 жылғы қаңтарда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 91,9% құрады. 

2021 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 789,4 млрд теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 95,4% құрады (салыстырмалы бағада). 

2021 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 1582,1 млрд теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 92,7% құрады (салыстырмалы бағада). 

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 85031,1 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 13% (номиналды көріністе) азайды, оның ішінде экспорт – 46949,7 млн АҚШ долларын (19,1% аз, номиналды көріністе), импорт – 38081,4 млн АҚШ долларын құрады (4,1% аз, номиналды көріністе). 

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 462 945 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 454325 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 332 517 құрады, оның ішінде 324137 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз). 

Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы қаңтарда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 1,1%, азық-түлік емес тауарларға, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 0,3%-дан өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы қаңтарда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,1% өсті. 

Әлеуметтік сектор 

2020 жылғы желтоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 115 704 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2019 жылғы желтоқсанға қарағанда 4,3% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3% төмендеді. 

2021 жылғы қаңтарда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша - 222 261 теңге. 

ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы IV тоқсанда 453 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы қаңтардың соңына 172,3 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,9%.