Фото: ашық дереккөз
Ұлттық «Қазақфильм» киностудиясы атақты отандық қылмыстық драма «Қызғылт қоян туралы хикаяның» ремейкін түсіреді, деп хабарлайды Ult.kz.
15 жыл бұрын қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтың фильмі отандық көрермендер арасында, әсіресе жастар арасында үлкен танымалдылыққа ие болған еді. Жобаны қайта жаңғырту ұлттық киностудия мен Tiger Films продюсерлік компаниясының серіктестігі арқасында мүмкін болды.
Фильм түсірілімдері сәуір айының соңында – мамыр айының басында басталады. Көрермендерге желтоқсан айында ұсынылады.
Екінші бөлім бойынша толық мәлімет берілмеді, бірақ студия өкілдерінің айтуынша, бұл жолы сюжет бас кейіпкерлер — Ерлан, Локо және Джекидің балаларына арналған. Сценарийін Сержан Серікпай мен Самат Сыржан әзірлеуде.
Екі табысты кинокомпанияның ынтымақтастығы Қазақстанның жанрлық киносын одан әрі дамытуға серпін береді деп күтілуде.
Еске сала кетейік, «Қызғылт қоян туралы хикая» фильмі ауылдан Алматыға келген студент Ерланның хикаясын баяндайды. Ол бай-бағландардың ортасына түсіп, шым-шытырыққа тап болады. Бұл ортада өз заңдары мен тәртіптері бар, оған намысын қолдан бермеу үшін көп нәрсені қайтадан бастауға тура келеді.
