23 наурыз күні «Қызай ана» қоғамдық қоры Алматы облысы Талғар ауданы Өстемір аулындағы Қызай ана көшесінің бойында наурыз мерекелік дастархан жайды. Мерекелік шараға ауыл тұрғындары мен бірге алыс жақыннан келген мыңдаған азамат қатысты. Арасында қоғам қайраткерлері, өнер адамдары, ақын-жазушылар, спортшылар, қызай ана ұрпақтары болды.
Мерекелік шара «Қызай ана» қоғамдық қорының Төрағасы, профессор Нәбижан Мұхаметханұлының халықты ұлыстың ұлы күнімен құттықтауы мен және «Қызай ана» қоры жұмысын қысқаша таныстрып, сыйлы қонақтарға шапан кигізді. Нәбижан Мұхаметханұлынан кейін ауыл, аудан әкімдері, қоғам қайраткерлерінің ақ жарма тілектері мен ауыл ақсақалдарының батасына ұласты. Мерекелік шараның күн тәртібіне байланысты, Жастар мен жас өспірімдер арасындағы спорттық жарыстар мен мерекелік концерттік бағдарлама қатар басталды. ҚР мәдениет қайраткері, құрмет өрденінің иегері Тілеубек Қожан, танымал әншілер Нұршат Зейіпхан, Әділ Сіләмхан, Асқар Әкімбек, Ләлә Бақытнұрқызы қатарлы бір топ әнші өнерпаздар әннен шәшу жәшіп, бишілеріміз халықтың көз айымын қандырып, ақындарымыз жыр маржанын жаудырды.
Концерттік бағдарламаның ортасында «Қызай ана» қоғамдық қоры ұйымдастырған игі шаралардың марапаттауларына да кезек беріліп тұрды. Осы игі шараның бірі жастарымызды білім мен ғылымға ынталантыру мақсатында жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан үздік студенттерге степендия тағайындау. Ғалым Нәбижан Мұхаметханұлы оқудағы жетістіктері мен қоғамдық жұмыстағы белсенділігі үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты Мұқтай Клараға жүз мың теңге, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1 курс студенті Болат Бұбісараға жетпіс мың теңге, Технология-экономикалық колледжының 2 курс студенті Нұрданғали Жайнаға елу мың теңге, Тадғар ауданы Өстемір ауылы № 14 мектебінің 9-шы сыныпа оқушысы Бегалы Байсалдыға 50 мың теңге қаржылай сыйлық табыс етті.
Естеріңіз де болса, «Қызай ана» қоғамдық қоры Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына орай «Әдебиет» порталында «Айбынды Алашым» атты жас ақындар арасындағы жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Әділ қазылар жеңімпаз деп белгілеген ақындарды марапаттау да осы Наурыз мерекелік шарасының аясында өтіп, жыр мүшәйрасының қазылары мен қор мүшелері жеңіпаз ақындарды салтанатты түрде марапаттады. Биылғы жылғы наурыз мерекелік дастархан шығынын көтерлген қор құрылтайшысының бірі Сабыржан Мұхаметханұлы жыр мүшәйрасының негізгі жүлде қоры 500 мың теңгені өзі атаған болатын. Әділ қазылар алқасы Бас жүлдеге баянауылдық жас ақын Еламан Хасенұлын лайық деп 200 мың теңге, бірінші орын алматылық ақын Төлеген Меллатқа 150 мың теңге, екінші орын алматылық жас ақын Айбол Исламғалиға 100 мың теңге, үшінші орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің 1 курс студенті Ғылымнұр Кәдірбайұлына 50 мың теңге қаржылай сыйлық табыс етті. Сонымен бірге «Қызай ана» қоры ақын Талапбек Тынысбекұлы мен Балтабай Нұрғалиевке арнайы жүлде табыс етсе, жас кәсіпкер Жолшыбай Ошырбайұлы Алаш Түрсынәлі мен Динара Мәлікке «Қызай ана» қорының атындан арнайы жүлде табыс етті.
«Қызай ана» қоғамдық қоры ақындар арасындағы мүшәйраны осымен екінші жыл өткізсе, Студенттер мен оқушыларға степендияны неше жылдан бері тағайындап келеді. Сонымен бірге қор атынан белгілі кәсіпкер, «Қызай ана» қорының хатшысы, Алматыдағы «Сәттібай» фермасының төрағасы Омарәлі Әбдібекұлы да жыл сайын Тадғар ауданы Өстемір ауылы № 14 мектебінің отбасында қйыншылығы бар, оқуда озат 5 оқушыға 30 мың теңгеден қаржылай сыйлық беріп келеді. Биылда дәстүрге сай 1- сыныптан 7- сыныпқа дейінгі 5 оқушыға сыйлығын өз қолымен табыстады.
Мереке спорттық жарыстарда марапатқа ие болған жастар мен жас-өспірімдердің сыйлықтарын табыс етумен мәресіне жетті. Келген барша қонақ арнайы тігілген кигіз үйлерде жәйілған дастархандарға ретімен кіріп кең дастарханнан дәм татты. 4,5 сағатқа созылған мерекелік шара барша қонақтарының көңілінен шығыққаны білініп, қонақтар ұйымдаструшыларға алғысын айтып қайтып жатты. Самарханның көк тасы еріген Наурыз мерекесінде «Қызай ана» қоры өстемір ауылының тұрғындары қуаныш сыйлап, ақындар мен студент, оқушыларға шабыт сыйлап қайтты. Және қала халқын, кәсіпкерлерді ауылға апару арқылы ауыл тұрмысына көз қырын сала жүрулеріне ой түйдіре білді деп ойлаймын. Осы шара арқылы жас ұрпақ қызай анадай ұлы тұлғаның өмірімен танысып ұлыққа ұмылтуға ой-сабақ ала білгеніне де шүбам жоқ.
Ескере кетейін, «Қызай ана» қоғамдық қоры ұйымдастырған Өстемір ауылындағы Наурыз мерекесінің дастархан әр жылы бір бір әулет не бірнеше азамат өз мойындарына алады. Спорттық шаралар мен жыр мүшәйрасының шығынын да дастархан жәйған азаматтар шығарады. Биылғы жылғы Наурыз мерекелік дастарханын «Қызай ана» қоғамдық қорының төрағасы, тарихшы, профессор Нәбижан Мұхаметханұлы және інілері Әнуар Мұхаметханұлы мен Сабыржан Мұхаметханұлы жәйған еді.
«Қызай ана» қорының Наурыз мерекесін Өстемір ауылында өткізіп келе жатқанына тоқтала кетер болсақ, 2011 жылы ақын Әбдіғани Пәзілханұлы Талғар ауданы Нұра аулыдық округі мәдениет үйінің басшысы болып тұрған кезіндегі бастамасы бойынша Талғар ауданы Өстемір ауылындағы бір көше Қызай ананың атына берілген еді. 2011 жылдың қазан айында сол көшенің бойында Қызай анаға ас беріліп, 2012 жылдан бастап дәстүрлы түрде Наурыз мерекесі сол көшенің бойында өтіп келеді. Осы 6 жыл барысында «Қызай ана» көшесін алуға себепші болған, ақын Әбдіғани Пәзілханұлы Наурыз мерекесін ұйымдаструға белсене атсалысып, Наурыз мерекесін жүргізіп келеді. «Қызай ана» қорының бұл ауылда жасаған басқада игі шараларын «Қызай ана» қорының директоры Базарәлі Әріпұлының «Ұлт» порталына берген сұхбатынан оқи аласыздар.
Тұрдыбек Құрметхан,
Суреттерді түсірген: Бекзат Тұрғынұлы