Сурет: видеодан скриншот
Желіде @janarhanum есімді блогердің видеосы пайда болды. Ол Қытайға баруды жоспарлап жүрген отандастарына үндеу жасады. Айтуынша, туристер көп жағдайда қытайлардан емес, өз қандастарынан желініп жатады.
"Қытайлардан қорқудың қажеті жоқ, керісінше, осы Қытай елінде жүрген өзіміздің қазақтардан қорқыңдар. Олар сендердің арқаларыңда ақша жасағысы келіп тұрады екен. Бір мекенжайды көрсетсе, сенен сол мекенжайды көрсету үшін, мына базар қайда екенін айту үшін сенен ақша сұрайды. Мысалы 2500 теңгелік затты сендерге 4000 теңге деп айтады. 10 мың теңгелік затты 17-18 мың теңге деп айтады. 50 мың теңгелік затты 80-90 мың деп айтады. Ал егер көлемі жоғары болса, оның үстіне 100-150 мың теңге қосып айтады.
Қытайдан қорқудың қажеті жоқ, өзіміздің Қазақстаннан келген қазақтардан қорқыңыздар. Келіп, осында байер болып жүрген қазақтардан қорқыңдар. Анау «Байыса – қазақ байысын» деген бос әңгіме", - дейді ол.