30 нау, 2021 сағат 19:02

Қытай вакцинасы елімізге әлі келген жоқ - Ажар Ғиният

Коронавирусқа қарсы қытайлық вакцина Қазақстанға жеткізіліп жатқан жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қытай вакцинасы елімізге әлі келген жоқ. Қазақстанға жеткізілген кез келген дәрі-дәрмек немесе вакцина бірінші кезекте министрліктен рұқсат алуы керек. Яғни, преператтар тексеріліп, оның тиімділігі мен қауіпсіздігі назарға алынады. Бірақ қытайлық немесе басқа вакцинаға қатысты барлық өндірушілермен қазір келіссөздер жүріп жатыр», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.