04 нау, 2022 сағат 22:26

Қытай шекарасында 9 мың контейнер қаңтарылып тұр – «Атамекен» ҰКП


Қазақстан-Қытай шекарасында 9000 контейнер қаңтарылып тұр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов тікелей эфирде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қытай шекарасындағы жағдайды да қарап жатырмыз. Бүгінге дейін белгілі бір оң өзгерістер болды. Сонда да 9000 контейнер, 1800 жүк көлігі қаңтарылып тұр. Кезекте тағы 11 мыңы тұр. Көп мәселе Қытай тарапына байланысты екені түсінікті. Оларды қозғау үшін Сыртқы істер министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі байланысып жатыр», - деген палата Төралқасының төрағасы бұл проблема алға жылжуы үшін Үкімет үнемі араласып отыру қажеттігін айтты.

«Үкімет органдары қайтадан бастамамен шығуы керек. Біздің тараптан да мәселелер бар. Соның бәрі «қолмен жұмыс» режимінде шешіліп жатыр», - деді Райымбек Баталов.