04 шіл, 2023 сағат 17:36

Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары үшін не өзгереді?

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша, 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» пәні екінші сыныптан бастап оқытылады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ орыс тілінде оқытатын сыныптарда бірінші сынып оқушылары «Қазақ тілі» және «Букварь» пәндерін оқиды. Ал «Шет тілін» барлық оқушы үшінші сыныптан бастап үйренеді.

«Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылып жатыр. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды», - деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.