Жаңа оқу жылы басталғалы 250 баладан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустың 250 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалардың арасында - 105 жағдай. Байланыста болған 1 426 адам бар. Олардың ішінде 19 оң жағдай анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді. 345 байланыста болған адамның арасында 22 оң жағдай анықталып отыр», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.