07 қаз, 2022 сағат 16:37

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Путиннің әрекетін түсінбей отыр


Қырғызстан Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Күстебаев Ресей президенті Владимир Путиннің Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонды марапаттағанына таң қалды, деп жазады Ulysmedia.kz.

4 қазан күні Путин Рахмонды ІІІ дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденімен марапаттады. Бұл марапат Тәжікстан президентінің 70 жылдығына негізделген. 

Қырғызстан тарапы Рахмон Путиннің қолынан өткен жолы да марапат алғанын айтты. Нақтылап өтер болсақ, Тәжікстан басшысы «мемлекеттер арасындағы достық, түсіністік және әріптестікті дамытқаны» үшін алғыс алған. 

«Жыл өткен сайын Тәжікстан басшылығы Орталық Азия мемлекеттері арасындағы бейбітшілік пен келісімге кедергі келтіруде. Бұдан соң, аймақтық қауіпсіздік туралы қалай айтуға болады? Қырғыз жерінде жазықсыз қаза тапқандардың қаны да кепкен жоқ. Аналар әлі күнге дейін балаларын жоқтауда. Бейбіт тұрғындар тас-талқан болған үйлеріне енді оралып жатқанда бұл марапат түсінбеушілік туғызады. Мерейтой мерейтойымен, ал дәлел сол күйінде қалады. Бұл қадам біздің қырғыз-тәжік шекарасында көріп отырған жағдайға мүлде сәйкес келмейді», - деп жазды Күстебаев. 

Айта кетелік, 14 қыркүйек күні қырғыз-тәжік шекарасында кезекті қақтығыстар басталып, 59 адам көз жұмды.

Екі ел шекарасында кикілжің тұрақты түрде болып тұрады.