04 там, 2023 сағат 11:22

Қырғыз азаматы соққыға жығылды: Қырғызстан Ресейге нота жолдады - видео

видеодан алынған кадр

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Ресейде таксист болып жұмыс істейтін қырғызстандықтың соққыға жығылуына байланысты мәлімдеме жасады.

3 тамызда СІМ таратқан мәлімдемеде Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі зардап шеккен қырғыз азаматымен хабарласып, заң тұрғысынан көмек беріп жатқаны айтылған.

«Таксист болып істейтін қырғыз азаматы 2023 жылғы 18 маусымда соққыға жығылған. Зардап шегуші елшілікке хабарласпады.

Осы оқиғаға байланысты елшілік зардап шеккен азаматтың құқығы мен мүддесін қорғау үшін шара қолданып жатыр. Ресей Сыртқы істер министрлігіне ресми нота жолданды» - деп жазылған СІМ мәлімдемесінде.

Мұның алдында әлеуметтік желілерде жолаушының таксистті жұдырықпен ұрғаны жазылған видео тараған. Бұған таксистің жолаушыға салонда ішімдік ішуге рұқсат бермеуі себеп болған. Зардап шегуші полицияға шағымданған, бірақ ол мекемедегілер арызын қабылдамаған.

Қырғызстан СІМ және Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі мәселені бақылауға алғанын хабарлады.