Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус белгілері анықталған жағдайда өз бетінше емделмеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бактерияға қарсы препараттар вирусты инфекцияны емдеуге қолданылмайды. Бекітілген ем-дом хаттамасына сәйкес бактерияға қарсы препараттар стационарларда жатқан науқастарға ғана беріледі. Яғни бактериалды инфекция анықталып, пневмония расталған жағдайда ғана қолданылады», - деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Людмила Бюрабекова сонымен бірге коронавирус белгілері анықталған жағдайда азаматтарды өз бетінше емделмеуге шақырды.