22 шіл, 2024 сағат 11:17

"Күйеулері хиджаб кимегені үшін әйелдерін өлтіріп жатыр" - Ұланғасыр Қами


ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Ұланғасыр Қами әйелін хиджаб киюге мәжбүрлейтінін, күйеулері хиджаб кимегені үшін әйелдерін өлтіріп жатқанын айтты, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Шын түсініп киген әйел хиджабты басын кесіп алса да шешпейді.Басқасында шаруам жоқ. Мен ертең өз әйеліме хиджаб кигіземін. Басқасы шешіп ала ма, шешіндіре ме,шатағым жоқ. Өзімдікіне кигіземін. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Арабтікі ме, басқаныкі ме, маған бәрібір. Мен оны түсініп тұрмын, түсенетін әйел іздеймін. Кимеймін десе, чао деймін. Болашақ әйелімнің санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді", -дейді әнші.

Ұланғасыр Қами "Неге хиджаб кигізесің?" деген сұрақ болса, мұны ер адамны өз жауапкершілігі деп түсінетінін жеткізді.

"Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс. Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты, - дейді ол.