08 қар, 2022 сағат 18:14

Куәгер Алматыда автобустар соқтығысқан жол апаты туралы айтып берді


Алматыда Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында екі автобус соқтығысты. Куәгер оқиғадан кейінгі жайтты айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Аты-жөнін жасыруды сұраған куәгер көше қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінен өткеннен кейін бірнеше секундтан соң автобустар соқтығысқанын айтты.

"Бұрылып қарағанда, автобустар дәл артымыздағы өткелде ағаштарға қалай соғылғанын көрдік. Дөңгелек астында мәйіт жатты. Жаяу жүргіншілер өткеліндегі адамдар көбірек зардап шекті, олар жан-жақа ұшып кетті деуге болады. Автобустардан жолаушылар өздері шықты, жараланған, бірақ қозғала алатын жағдайда. Жүргізушілердің бірі автобуста қалып қойды", - деді оқиға куәгері.

Жол-көлік оқиғасы куәгерінің айтуынша, апат кезінде адамдар зардап шеккендерге көмекке ұмтылған. Жедел жәрдем шақырылып, алғашқылары бес минуттың ішінде оқиға орнына жеткен. Оқиға куәгерлері дәрігерлер келгенше зардап шеккендерге қолдан келгенше көмектесуге тырысқан.

Бұл ретте Алматы полициясы жол апатынан қаза тапқан адам жаяу жүргінші екенін растады.

Еске салайық, жол апаты Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 17 адам ауруханаға жеткізілген.