03 мам, 2019 сағат 20:47

ҚР СІМ Инвестициялар комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Бақыт Батыршаев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақыт Батыршаев 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 

1995 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істейді.

1996-1997 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің атташесі.

1997-2001 - Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің атташесі.

2001-2002 - ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы.

2002-2002 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка Департаментінің екінші хатшысы.

2002-2005 - Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы.

2005-2009 - ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары, директоры.

2009-2010 - Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2010-2013 - Джида қаласында орналасқан Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымындағы Тұрақты өкілі (кеңесші-уәкіл).

2013-2019 - Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі, Қазақстанның ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі.

2014-2019 - Қазақстанның Бахрейндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019 жылғы 29 сәуірден бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.

Үйленген, 4 баласы бар.