Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Кувейт, Бангладеш, Пәкістан елдеріндегі Елшілері қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Алмас Шамшиденұлы Әбдіраманов Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;
Барлыбай Кәрімұлы Садықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.