Мемлекет басшысының Өкімімен Саттар Фазылұлы Мәжитов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Сондай-ақ, бұған дейін осы қызметті атқарған Александр Юрьевич Тараков лауазымынан босатылды.