25 қаң, 2022 сағат 17:15

ҚР Президенті Қытай мен Орталық Азия елдері ынтымақтастығына жоғары баға берді


Энергетика саласындағы қазақ-қытай ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Энергетика саласындағы қазақ-қытай ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие. Қазақстан-Қытай мұнай құбыры және Орталық Азия-Қытай газ құбыры үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қазақстан аумағы арқылы өтетін магистралды дәліз қытай тауар өндірушілерінің Еуропа, Таяу Шығыс және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы нарықтарына жылдам әрі сенімді шығуын қамтамасыз етеді. Ляньюньгандағы терминал, Қорғастағы құрғақ порт және «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомагистралі сынды бірлескен инфрақұрылымдық жобалар «Белдеу мен жол» мегажобасының тірек буынына а йналды», - деп атап өтті Мемлекет басшысы «Орталық Азия - ҚХР» саммитінде. 

ҚР Президенті өткен 30 жылдың ішінде Орталық Азия мемлекеттерінде тату көршілік және бір-біріне әрдайым қолдау көрсетуге негізделген ынтымақтастықтың лайықты моделі қалыптасқанын атап өтті. 

«COVID-19 пандемиясының ушыққан кезеңінде өзара көмек көрсету және қытайлық өндірістегі вакциналарды жеткізуді жедел ұйымдастыру біздің мызғымас достығымыздың жарқын символына айналды», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.