ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ Үкіметтері арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген Ақорда сайтында.