Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Twitter-де аккаунт ашты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады.
Ведомство басшысы азаматтарға Қарулы Күштердің қызметі туралы жеке өзі ақпарат беретінін жазды.
«Азаматтар Қазақстанның Қарулы Күштерінің жағдайына қызығушылық танытатынын білемін. Олар үшін нақты ақпарат алу маңызды. Сондықтан, Қарулы Күштердің қызметі туралы жаңалықтарды твиттерде бөлісуді жөн деп таптым», - деп жазды Н.Ермекбаев Twitter-де.