01 нау, 2021 сағат 09:55

ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев өңірлердегі полиция департаменттерінде болды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өңірлердегі полиция департаменттерінің бірқатар нысандарын аралады.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткізген онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Өткен аптада Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс сапарымен болды. Ол өңірлердегі полиция департаменттерінің бірқатар нысандарын аралады. Сондай-ақ, адам көп жиналатын және қылмыс көп жасалатын аймақтарда орнатылған жаңа модульдік стационарлық полиция бекеттерін қарап шықты», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, министр полиция нарядтарында тәулік бойы қызмет атқару және азаматтарды қабылдау үшін қажеттінің бәрі бар екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар, полицияның жаңа учаскелік бекеттерінде болды.

«Ерлан Тұрғымбаев «Әкімдіктермен бірлесіп учаскелік инспекторларға тиісті жағдай жасап, учаскелік пункттер желісін кеңейте отырып, біз азаматтарымыздың қауіпсіздік деңгейін арттырамыз. Мұндай жұмысты біз барлық өңірлерде жүргізетін боламыз» деп атап өтті», - дейді ол.