Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
"Егер Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға және бланк өнімдерін ауыстыруға қажет болады", - делінген хабарламада.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
"Бұл шараларды мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат аясында, қосымша ақша бөлмей-ақ жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат қажет етілмейді", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.