16 мау, 2021 сағат 21:55

Қостанайдың орталық көшесінде әйел адамды өлтіріп кеткен


Қостанайдың орталық көшелерінің бірінде адам өлімі болды, күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін 19:00-де полиция қызметкерлері әйел адамның өліміне күдікті Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр», деп хабарлады ведомство. 

Қылмыс Баймағамбетов көшесінде жасалған. 

ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қылмыстың себептері тексеріліп жатыр.