06 қаз, 2022 сағат 11:25

Оқушының басын "унитазбен жарамын" деп қорқытқан директор сөгіс алды


Желі қолданушылары Қостанай облысындағы Мичурин мектебінің директоры Айнаш Даданованың сөзін қызу талқылап жатыр. 36 жылдан бері педагог қызметінде келе жатқан оның оқушыларымен дөрекі сөйлескен сәті таралып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Директор Никита есімді оқушыны «унитазбен басыңды жарамын» деп қорқытан. 

«Саған мектепте не ұнамайды? Мүмкін, мен ұнамайтын шығармын?! Ешкіммен қалжыңдасатын жағдайым жоқ. 36 жылдан бері мектепте жұмыс істеп келем. Сен сияқтыларымен не істегенімді айтайын ба? Басын унитазға тығатын едім... Келесі жолы басыңды унитазбен жарамын және ешкім білмейтін болады. Сенімен әзілдесіп тұрғаным жоқ, бұл соңғы рет болсын», - дейді директор оқушыға. 

Директордың қатқыл сөзін оқушы диктофонға жазып алған. Бүгінде мектеп директорына сөгіс жарияланды. 

«Бұл жағдай оқушылар мектеп мүлкін бірнеше рет бүлдірген соң болған. Мектепте ата-аналар жиналысы өтіп, директор кешірім сұрады. Екі жақ татуласты. Қостанай аудандық білім басқармасының этика бөлімі директорға сөгіс жариялады», - деді Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз бөлімі.

Қазіргі таңда аталған істі полиция тексеріп жатыр.