04 қыр, 2023 сағат 13:06

Қостанайда екі студент қыз 10 жылға сотталуы мүмкін

Фото: pixabay.com

Қостанайда әлеуметтік-техникалық колледжінің екі студентіне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 19 жастағы екі қыз психотроптық заттарды сатумен айналысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі Алау порталына сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, 3-ші курста оқитын екі қыз психотроптық заттарды Қостанайда ғана емес, Петропавл қаласына дейін барып сатқан. Екеуі қаңтар айында ұсталды. Олар психотроптық заттарды буып-түйіп, үйлердің кіреберістеріне, пошта жәшіктеріне және тағы басқа жасырын жерлерге тығып таратқан. Осылайша, төрт ай бойы табыс тапқан. Олардың "кураторы" да болған. Ол бәрін қашықтан басқарып, мессенджерлер арқылы тапсырып беріп отырған.

Студент қыздарды ұстау кезінде 50 орама табылды. Ал жалдамалы пәтерден тағы 192 грамм синтетикалық есірткі шықты. Заң бойынша тәркіленген есірткі заттары ірі көлем болып саналады.

Екі студент қызға бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Кінәсі дәлелденсе, әрбіреуі 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.