09 мау, 2021 сағат 23:39

Қостанай облысында пойыз жолаушысының 116 млн теңгесі ұрланды


Көлік полициясы пойыз жолаушысының 116 млн теңге салынған сөмкесін ұрлау фактісін әшкереледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 мамыр күні «Қостанай-Алматы» бағытымен кетіп бара жатқан пойыздың 22 жастағы жолаушысының сөмкесінде 116 900 000 теңге болған. Ойында бөтен ештеңе жоқ жолаушы кешкісін ұйқыға жатып, Жақсы станциясына келгенде оянған. Ол пойыз қозғалған кезде ақша салынған сөмкесін таппай қалған және ол туралы бірден полицияға хабарлаған. 

Көліктегі Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаевтың сөзінше, қылмыс жөнінде хабарды алысымен департаменттің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылған.

Қылмыскерді іздестіру барысында теміржол көлігінің барлық нысандары, сонай-ақ жақын жердегі елдімекендер тексерілді. Пойыз қызметкерлерінің барлығынан жауап алынып, нәтижесінде қылмысты жасауы ықтимал күдіктінің автопортреті салынды. 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қалалық көлік полициясының қызметкерлері қылмысты жасауы мүмкін деген үші күдіктіні ұстайды. 

«Күдіктілердің тұрып жатқан жеріне тінту жүргізіліп, оның барысында 12 620 000 теңге мен 198 500 АҚШ доллары табылды. Ақшаның бір бөлігін күдіктілер қылмыс жасала салысымен екі көлік сатып алуға жаратып үлгерген», - деді Нұржан Әлібаев. 

«Күдіктілер тұтқындалды. ҚР ҚК 188 бабы, 4 тармағы, 3 тармақшасы негізінде (Ірі көлемде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің осы тектес өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», - деді ол.