25 қыр, 2022 сағат 19:15

Қостанай облысында мобилизациядан қашқан ресейліктер ұсталды - фото


Қостанай облысындағы шекарада мобилизациядан қашқан ресейліктер ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты "Тобыл" бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп, елге кірмекші болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстаған.

"Шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірді. Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі.

Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейді" - делінген хабарламада.