20 нау, 2024 сағат 12:09

Қостанай облысында ауыл әкімі асылып қалған


19 наурыз күні Қостанай облысындағы үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Stan.kz агенттігіне сілтеме жасап.

БАҚ-тағы ақпаратта ер адамның Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев екені, шенеуніктің өз-өзіне қол салғаны туралы айтылған. 

Қостанай облысының полиция департаменті Ұзынкөл ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанын растады, алайда марқұмның кім екені туралы ақпарат берілмеген. 

"Ұзынкөл ауданындағы бір үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.


Заңға сәйкес тергеу аясындағы басқа ақпарат жария етілмейді.