aqmeshit-zhastary.kz
Мұғалімдер шетелде демалады демекші. Соны зерттеп кеттім. Сөйтсем соңғы 4 жылда мұғалімдердің айлығы 100% өсіпті. Қалалық жердегі мұғалімдер орташа 352 000 теңге алса, ауылдық жерде орташа 435 000 теңге алады екен. "ҚазҰУ-інің қаржы мамандығын бітірген танысым мұғалімдік оқып алсам ба деймін. Солардың айлығы көп екен" дегені рас па деп қалдым.
Осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі сабақ беретін мұғалімдердің айлығы тағы да 30% өседі екен. Салыстырмалы түрде көршіміз Қырғызстанда мұғалімдердің айлығы 8-9 есе аз екен. Мектепте 350 000 мұғалім жұмыс жасаса, соның 220 000-на қосымша айлық төленеді екен.
Мысалы мен магистратура оқыған адаммын ғой. Сол үшін маған тиын да төлемеген. Мұғалімдерге магистратураға да қосымша төленеді екен. Бәрін тастап мұғалім боламыз-ау.
Сәбит Рысбаевтың Фэйсбуктағы жазбасынан