11 қаң, 2021 сағат 07:16

Короновирус: Қазақстанда 23 мың адам емделіп жатыр

Қазақстандағы 11 қаңтардағы ақпарат бойынша 23 498 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр, – деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрлігі.

23 498 адам короновирус инфекциясынан (11 577 КВИ+ және 11 921 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 890 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 272 адамның жағдайы ауыр;

• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.