24 ақп, 2021 сағат 08:07

Коронавирустың таралуына қатысты эпидемиологиялық ахуал өзгерген жоқ

24 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр. 

Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. 

Қауіпті - «қызыл» аймаққа енгізілген өңірлер жоқ.

Еске салсақ, 23 ақпандағы жағдай бойынша да 5 өңір «сары» аймақта орналасқан еді.