24 қаз, 2020 сағат 07:10

Коронавирустық пневмонияның бір күнде 165 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның жаңадан 165 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ 2 өлім жағдайы болды. 52 адам емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

1 тамыз – 23 қазан аралығында коронавирустық пневмония барлығы 36 732 адамнан анықталды, 393 науқас қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны 28 442-ге жетті.