Сoronavirus2020.kz сайты 31 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 56 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 26 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері 25 714 науқас дертке шалдығып, 290 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 575 жетті.