16 ақп, 2021 сағат 07:05

Коронавирустан емделіп жатқан 255 науқастың жағдайы ауыр

16 ақпанындағы коронавирус инфекциямен емделіп жатқандарға қатысты мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

16 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 733 адам короновирус инфекциясынан (14 113 КВИ+ және 8 620 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 090 пациент стационарда, 17 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр», делінген хабарламада.

Коронавируспен ауырғандардың арасында: 255 адамның жағдайы ауыр; 47 пациенттің жағдайы өте ауыр; 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.