Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 21 ақпандағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
21 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 417 адам короновирус инфекциясынан (13 627 КВИ+ және 7 790 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 4 776 пациент стационарда, 16 641 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 237 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.