Коронавируспен ауырған 84 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" СOVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 022 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 72 бала бар. Стационарларда 2 030 науқас жатыр. 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада.