14 там, 2020 сағат 10:50

Коронавирусқа шалдыққан 500 дәрігер өтемақы алды

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жұмыс орнында COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем жасау жайында айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Денсаулық сақтау министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрығы бар. Онда өтемақы төлеу мен осы құжаттарды қараудың тәртібі ескерілген. Өңірлік комиссиялар бар екенін атап өткен жөн. Осы комиссиялар әрбір медицина қызметкерінің құжаттар пакетін қарастырады», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Осы орайда ол төлем бойынша шешім шығарылса, аталған құжаттар топтамасы Еңбек министрлігінің жүйесене енгізілетінін айтты. 

«Денсаулық сақтау министрлігі қарастырылған әрі мақұлданған төлемдерге күн сайын мониторинг жүргізеді. Біздің мәліметке қарасақ, кешегі күнге дейін 500 медицина қызметкеріне төлем жасалды. Аталған комиссиялардың жұмысы тұрақты жұмыс істеуде», - деді А. Есмағамбетва.