08 ақп, 2021 сағат 12:09

Коронавирусқа қарсы вакцина: Аллергиялық реакциялар болды ма?

UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «АстМУ» КеАҚ Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель коронавирусқа қарсы вакцинаның сипаттамасын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакциналау кезеңінде екпе бойынша күрделі реакциялар байқалмады, тек қойылған орында реакция болды және бұл жағдай ережеге сәйкес келеді. Ол қандай да бір елеулі аллергиялық реакцияларды болдырмауы тиіс», - деді сарапшы Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Сонымен қатар ол вакцинаның коронавирус инфекциясының басқа да штаммынан қорғау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді. 

«Иммунолог ретінде халықаралық мәліметтерге сүйене отырып, барлық коронавирустар арасында тоғыспалы реакциялар болады. Вакцина коронавирустың басқа да шамынан протективті әсерді қалыптастырады», - Елена Ковзель.