17 нау, 2020 сағат 14:28

Коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі сырттан келген

Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев науқас адамдармен байланыста болған тұлғалардың барлығы анықталып, карантинге жатқызылғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Соңғы 4 жағдайдың екеуінде жұқтырған адамдар шетелден келген. 1986 жылғы әйел Лондон қаласынан Стамбул арқылы транзиттік рейспен 15 наурызда таңғы 06.00-де келген. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты. 2 жастағы қыз бала Куршевель-Берлин-Алматы бағытындағы чартерлік рейспен келген. Бұл рейс жолаушылары мен экипажы түгел ауруханаға жатқызылды», - деді Т.Әбілдаев Алматыда өткен онлайн брифинг барысында.