Денсаулық сақтау министрлігі 29 қаңтардағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.
29 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 520 адам коронавирус инфекциясынан (15 877 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 6 571 пациент стационарда, 20 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 268 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.