15 қар, 2020 сағат 07:19

Коронавирус жұқтырған 203 адамның жағдайы нашар - министрлік

24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 882 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 464 бала бар. Стационарларда 2 970 науқас жатыр. 5 912 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 23 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.