Қазақстанда жексенбі күні коронавирус симптомдары бар пневмония 141 адамнан анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 141 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.
1 тамыздан бүгінге дейін ауырғандардың жалпы саны - 18606, 218 адам қайтыс болды.