11 нау, 2021 сағат 10:40

Коронавирус: ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

10 наурызда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылдың 10 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Мальдив Республикасы, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 22 халықаралық әуе рейсі келді. 

2 972 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 2 598 адам, анықтамасыз - 374 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 833 жолаушы, анықтамамен - 1 798, анықтамасыз - 35;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 347 жолаушы, анықтамамен - 195; анықтамасыз - 152;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 333 жолаушы анықтамамен келген; 

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы, анықтамамен келген;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 232 жолаушы, анықтамамен - 45; анықтамасыз - 187;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 98 жолаушы, анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 

9 наурызда анықтамасыз келген 274 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, 10 наурызда Қырғызстаннан ПТР анықтамасынсыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.