Коронавирус пен вирустық пневмониядан көз жұмған 27 медицина қызметкеріне өтемақы төленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
25 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 2 043 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 27 медицина қызметкеріне біржолғы әлеуметтік төлем жасалды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.
Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (517) және Алматы (373), Шымкент (117) қалалары, Қарағанды (170), Батыс Қазақстан (131) және Ақмола (107) облыстары бойынша жүргізілді.