06 ақп, 2021 сағат 08:35

COVID-19: Қазақстанның екі облысы - «қызыл», алты өңірі - «сары» аймақта

Денсаулық сақтау министрлігі 6 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды «ҰлтАқпарат».

6 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта Батыс Қазақстанмен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.

Матрица Қазақстанның «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетті.

Еске салсақ, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын.

Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.