ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 5 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Бағалау матрицасы елде бір де бір облыстың «қызыл» аймақта жоқ екенін хабарлайды.
Әйтсе де, «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары тұр.
Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта.
Бүкіл Қазақстан аумағы да «жасыл» аймақтың ішіне белгіленген.