Қазақстанның 6 өңірінде коронавирус инфекциясынан 115 адам айықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде тағы 115 адам коронавирустан емделіп шықты.
Өңірлер бойынша:
Шығыс Қазақстан облысында - 13,
Павлодар облысында - 32,
Қостанай облысында - 1,
Маңғыстау облысында - 4,
Ақмола облысында - 55,
Атырау облысында - 10.
Бүгінде Қазақстан бойынша коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 49 683-ті құрайды. Оның ішінде жазылды - 16298, қайтыс болды 264 адам.