Қазақстанда тағы 918 адамның коронавирус тесті оң шықты. 5 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 9 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Бір күнде 12 адам өлімі тіркелген: оларда ПТР тесті оң шыққан анықтама болған.
Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 197 033 адамға жетті. 178 044-і жазылған. Өткен тәулікте 1300 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 613 адам қайтыс болған.
Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 318 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 584 адам қайтыс болған. 37 730 адам жазылған. Министрлік ақпан айынан бастап аймақтағы коронавирус пневмониясы туралы статистика жариялай бастады. Күн сайынғы мәліметте екі күн бұрынғы көрсеткіш жарияланады. Министрліктің хабарлауынша, 6 ақпанда коронавирус пневмониясы Жамбыл облысында (6) және Түркістан облысында (5) көбірек тіркелген.
Өткен тәулікте коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген науқастар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (208) тіркелді. Алматыда - 118, Нұр-Сұлтанда -74, Ақмола облысында - 98, Шығыс Қазақстан облысында – 86, Атырау облысында – 25, Қарағанды облысында – 29, Батыс Қазақстан облысында - 51, Солтүстік Қазақстан облысында – 61, Қостанай облысында - 80, Алматы облысында - 50, Шымкент қаласында - 8, Жамбыл облысында - 12, Түркістан облысында - 7, Маңғыстау облысында - 0, Ақтөбе облысында - 1, Қызылорда облысында 10 адамнан коронавирус анықталған.
Қазір коронавирустан 26 380 адам емделіп жатыр. 10 004-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 5 560 науқас стационарда емделіп жатыр. 261 адамның жағдайы ауыр, 50 науқастың жағдайы өте ауыр. 41 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 106 млн 444 мыңнан асты. 59 млн 347 мың адам жазылған. 2 млн 324 мың науқас қайтыс болған.