20 мам, 2020 сағат 19:15

Коронавирус: Қазақстанда 6 науқас реанимациядан ауыстырылды

Қазақстанда COVID-19 диагнозы бар 6 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 2, Шымкент қаласында - 1, Қарағанды облысында - 1, Жамбыл облысында 1 науқас емдерін палатада жалғастыратын болады. 

Бүгінге дейін реанимациядан мамандандырылған бөлімге елімізде барлығы 110 пациент ауыстырылды.