15 ақп, 2021 сағат 18:35

Коронавирус: Қазақстанда 16,8 мың медицина қызметкері вакциналанды

Қазақстанда 16,8 мың медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакциналанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2021 жылдың 1-14 ақпаны аралығында 16 801 медицина қызметкері екпе алды. Вакциналау барлық өңірде басталды, 778 егу пунктері әзірленген. Оның ішінде қазіргі уақытта 166-сы жұмыс жасауда. Барлық пунктер суықтық тізбекті қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды», - делінген ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратында.